RU

79 жастағы өскемендік қария 30 жылдан бері қыс мезгілінде көшеде жейдемен жүреді

Анатолий Зиновьев
Анатолий Зиновьев. Фото: yk-news.kz

Өскеменнің 79 жастағы тұрғыны Анатолий Зиновьев қыстыгүні қабат-қабат киінудің орнына көшеде бір жейде мен жаздық аяқ киім киіп жүреді деп хабарлайды YK-news.kz.

Бұрындары Анатолий Михайлович ауа райына байланысты киінген екен. Алайда аяқ астынан оның өмірі өзгеріп шыға келген.

Өскемендіктің сөзінше, күйзеліске түскен оның белі ауырған. Оның қатты ауырғаны соншалықты кейде көз алдындағының бәрі қарайып кеткен. Мұндай жағымсыз жайттар Порфирий Ивановтың жүйесі бойынша денсаулығын жақсартуға түрткі болған.

"Дәстүрлі емдеу маған аздаған уақыт көмектесті, кейінірек ауруым қайта басталатын. Сол себепті мен халық еміне ауыстым, қазір белім мені мазаламайды", - дейді Анатолий Михайлович.

Ер адам 30 жылдан бері қыстыгүні сырт киімсіз жүреді. Күніне екі мәрте суық су құйып, диета ұстап, салауатты өмір салтын ұстанады. Ол тоңатынын, дегенмен бұған шыдайтынын айтады.

Осыған дейін Анатолий Зиновьев 30 градустық аязда жылы киімсіз жүре берген екен. Алайда жасы келген ол қазір 15 градус аязда ғана қалың күрткесіз жүреді.

Анатолий Михайловичті көргендер әртүрлі әсерде болады. Бірі камераға түсірсе, енді бірі суретке түскісі келетіндерін айтады. Тіпті зейнеткерді тонап, сырт киімдерін алып кетті деп ойлап, көмектескісі келетіндер де табылатын көрінеді. Сонымен бірге қарияның басында ауытқуы бар деп ойлайтындар да аз емес екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903324-79-zastagy-oskemendik-qariya-30-zyldan-beri-qys-mezgilinde-kosede-zeidemen-zuredi/