RU

Синоптиктер: Алматыда тағы үш күн бойы қар жауады

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанның оңтүстік астанасында қар жауып жатыр. Қала әкімдігінің хабарлауынша, 15 наурызда Алматыда 6-7 см, таулы аудандарда 20 см-ден астам қар жауды. Қалада бірнеше күн қау жауады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық тұрғын үй саясаты бөлімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство "Қазгидромет" РМК болжамына сілтеме жасай отырып, жаңбыр мен қар түріндегі аралас жауын-шашын 17 наурызға дейін жалғасатынын хабарлады.

Алматыда осымен үшінші күні көктайғақ құбылыстарының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы атап өтілді. Көктайғаққа қарсы материалдарды жолдарда, қиылыстарда, көліктік жолайрықтардың шыға берістерінде шашу, сондай-ақ қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы материалдың 3920 тоннасы қолданылып үлгерді. Сонымен қатар, қалада тротуарларды, жаяу жүргіншілер алаңын, қоғамдық көлік аялдамаларын қардан тазарту жалғасуда. Таңертең 564 арнайы техника мен 1140 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Бөлімде атап өткендей, аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау үшін тәулік бойы күзет ұйымдастырылды.

Еске салсақ, бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік пен шығыста ауа райы құбылмалы болады. Көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Синоптиктердің мәліметінше, Түркістан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, дейді ауа райын болжаушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903331-almatyda-tagy-us-kun-boiy-qar-zauady/