Моңғолияда құмды дауылдан 6 адам қайтыс болып, 80-нен аса адам хабар-ошарсыз кетті (фото, видео)
Жарияланған күні:
Моңғолияда құмды дауыл салдарынан алты адам қайтыс болып, 80-нен аса адам хабар-ошарсыз кетті деп хабарлайды Life.ru.
Қайтыс болғандар арасында бір бала мен бес малшы бар. Дауылдан 548 адам жоғалып кеткен еді, қазір олардың 467-сі табылған.
БАҚ Моңғолияның батысындағы бірнеше ауданда электр энергиясы жаппай өшуі мүмкін екенін де ескертіп отыр.
Құмды дауыл Қытайға да жеткен. Бейжің әуежайында қолайсыз ауа райы салдарынан 428 рейс кейінге шегерілген. Ал жолдарда кептеліс туындаған.
Қала билігі қауіптіліктің сары деңгейін жариялап, тұрғындарға қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауға кеңес берді.
Айта кетейік, осыған дейін Моңғолияда жаңа босанған әйелден коронавирус анықталып, жеңіл киінген келіншекті сәбиімен бірге жедел жәрдем көлігіне отырғызып басқа ауруханаға ауыстырғанын жазған едік.
Бұл жағдай мыңдаған адамның алаңға шығуы мен бірнеше шенеуніктің отставкаға кетуіне себеп болды.
Атап айтқанда, төтенше жағдай төрағасы мен вице-премьер Янгугийн Содбаатар, денсаулық сақтау министрі Тогтмолын Монхсайхан қызметінен босатылды.
Сонымен қатар "Ургоо" перзентханасының бас дәрігері, Ұлан-Батыр денсаулық сақтау департаментінің басшысы мен Ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығының директоры отставкаға кеткен болатын.
Жаппай шерулерден кейін премьер-министр Ухнаагийн Хурэлсух үкіметтің толық құрамда отставкаға кететінін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903435-mongoliyada-qumdy-dauyldan-6-adam-qaitys-bolyp-80-nen-asa-adam-xabar-osarsyz-ketti-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.