Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтқаным айдай келді": Омар Жәлел феминистер шеруіне билік не үшін рұқсат бергенін тұспалдады

Жарияланған күні:

Омар Жәлел
Скриншот: Youtube/Қасқа жол арнасы. Омар Жәлел, абайтанушы

Абайтанушы Омар Жәлел Қасқа жол Youtube арнасына берген сұхбатында Алматыдағы феминистер шеруіне қатысты ойымен бөлісті. Ғалым бұл шеруге биліктің не үшін рұқсат бергенін жорамалдады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі филолог еліміздегі біржыныстыларға қазақтың дүниетанымымен қарайтынын алға тартады. Ол Алматыда өткен іс-шара өзінің "қыз-тауар" деген шулы сөзіне қарама-қарсы құбылыс екенін атап өтті.

"Бұл нәрсе негізі Еуропадан келіп жатыр. Шәкәрім айтқан екен: "Еуропа мәдениетті ел бүгінде, хайуандықтан шыққан жоқ олар мүлде", - деп. Гейлер, біржыныстылар... Хайуандардың өзі бүйтпейді ғой. Еркек сиыр мен еркек сиырдың жақындасуы жоқ қой мысалы. Ұрғашы сиыр мен ұрғашы сиыр бұлай жасамайды. Сондықтан Алматыда болған жағдай мен көтерген "қыз бала - тауар", "әр адам өз қызына ие болу керек" деген проблемалардың қарама-қарсысы. Сол айтқаным айдай келді. Мен ескерттім. Осылай болуы мүмкін деп. Сол кезде жұрт өре түрегеліп, айғай-шу шығарды.

Мен сол кезде Қазақстанда феминистер бар екенін де білмейді екенмін. Мен бұл проблемаға қазақтың көзімен қарадым. Мысалы тауар дегенге жұрт ренжиді. Орыстар құдаласуға барғанда "У вас товар, у нас купец" деп ашық айтады. Саудаласады кәдімгідей. Дәстүрлі мәдениетінде. Ата-ана дүниеге қыз баланы әкелді ме, ол өте құнды болу керек, оны орналастыру ата-ананың міндеті. Мен соны айттым бар-жоғы.

Ата-аналардың ең үлкен қасіреті - өздерінің ең басты міндетінен бас тартып отыр. Дүниеге әкелген ұл-қыздарын құтты орындарына қондырудан бас тартып отыр. Мен шеру болатынын естімеппін. Егер біз өз ұл-қыздарымызға ие болмасақ, бұдан да сорақысы болады. Еуропадағыдай біржыныстылардың некесін заңдастыруға дейін барамыз", - дейді Омар Жәлел.

Абайтанушы ғалым Алматыдағы шеруге биліктің не үшін рұқсат бергенін жорамалдады.

"Еуропамен тығыз байланыстамыз ғой. Мүмкін сол жақтан талап қойылатын шығар деп ойлаймын. "Сіздер бізбен дос болғыларыңыз келсе, тура біздегідей шарттарды қабылдаңыздар" деген сияқты. Бұл енді менің жорамалым. Соған байланысты рұқсат етіле ме деп ойлаймын. Егер рұқсат етпеген жағдайда "Қазақстанда демократия жоқ екен", "адамның құқықтары тапталады екен" деген түсінік пайда бола ма деп ойлайтын шығар.

Өйткені шын мәнінде Еуропада адам қандай жынысты болмасын, қандай ориентацияда болсын олардың құқықтары қорғалу керек деген түсінік бар. Демократияның принципі деп ойлайды оны. Әйтпесе тыйым салып тастауға оңай ғой. Бұл негізі сыртқы факторлардың әсері ме деймін", - дейді ол.

Ғалымның пікірінше, ориентацияның өзгеруі оп-оңай. Ол қоғамның сау қалпын сақтау үшін ұлттық иммунитетті күшейту керек деп есептейді.

"Егер қазақы тәрбиемен ұлды ұлша, қызды қызша өсірсек, жаңағыдай азаяр еді. Бұл да бір әлеуметтік сырқаттың бір түрі. Вирустар жұғып кетпес үшін ұлттық иммунитетті күшейтуіміз керек", - дейді Омар Жәлел.

Айта кетейік, бұдан бұрын филолог ғалымның Түркияға қоныс аударып жатқан қазақтар туралы пікірін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903496-aitqanym-aidai-keldi-omar-zalel-feminister-seruine-bilik-ne-usin-ruqsat-bergenin-aitty/