Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмабекке хабарлас": Шу тудырған видеодан кейін Түркістан облысында полицей лауазымынан айырылды

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері6
Көрнекі фото: pixabay.com

Бұған дейін Түркістан облысында Жұмабек деген азаматқа сүйеніп, жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі қоғамда қызу талқыға түскен еді. Кейін облыстық полиция департаменті Жұмабек есімді полиция қызметкерінің бар екенін хабардар еткен болатын. Белгілі болғандай бүгінде ол атқарып отырған лауазымынан босатылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ішкі істер министрінің 2020 жылғы нөмірі 358 бұйрығымен бекітілген полиция стандарттарын бұзғандығы үшін Отырар аудандық бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Жұмабек Төлеген атқарып отырған лауазымынан босатылды", - дейді Түркістан облысының полиция департаменті.

Түркістан облысының полиция департаменті полицейдің нақты не себепті жазаланғанын түсіндірмеді.

Алайда Qumash Telegram арнасының ПД сілтеме жасап жазуынша, бұл үш жігіттің қозғалыстың қарсы бағытына шығып кетіп, өздерін тоқтатқан тәртіп сақшыларына Жұмабектің туысымыз деп айтқан видеосымен байланысты.

"Сондай-ақ, бізге видео төңірегіндегі резонанс пен осы туралы алаңдаушылықтың салдарынан Жұмабектің ауырып қалғанын айтты. Нақты немен ауырып қалғанын нақтыламады. Оның қазір жағдайы нашар екенін айтты және ол ешкіммен сөйлеспейді", - дейді Telegram арна.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Түркістан облысында түсірілген видео пайда болған еді.

Көлікте кетіп бара жатқандар қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзғанын камераға түсірген. Полицейлер тоқтатқан кезде көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларына Жұмабекке хабарласу керектігін айтып, ары қарай кете берген.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізіп, көлік жүргізушісінің кім екенін анықтаған. Ол Lada Priora көлігін тізгіндеген Шымкент тумасы болып шыққан.

Ер адамға қатысты жол ережесін бұзу және полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту талабын орындаудан жалтару бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен қатар Түркістан облысының полиция департаменті жүргізушіні жібере салған Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.

Сондай-ақ ведомство Жұмабек есімді азаматтың құзырлы органда істейтінін мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903543-zumabekke-xabarlas-su-tudyrgan-videodan-keiin-turkistan-oblysynda-policei-lauazymynan-aiyryldy/