Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "несие алуға көмектесемін" деп елді алдаған алаяқ ерлі-зайыптылар ұсталды

Жарияланған күні:

Ері мен әйелі
Фото: polisia.kz

Алматыда алаяқтықпен айналысып, бөтеннің ақшасын иемденіп келген ерлі-зайыптылар ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, күдіктілер 1991 жылы туған ер адам мен 28 жастағы әйел Жамбыл облысының тумалары. Олар "Несие алуға көмектесемін" деген мазмұнда интернет-ресурстардың бірінде жарнама орналастыған.

Ерлі-зайыптылар хабарласқандарға екінші деңгейлі банктердің бірінен шот ашу қажеттігін айтып, абоненттердің бірінің нөмірін беріп, карта көрсетілген нөмірге байланған болуы керек деп сендірген.

"Содан кейін олар азаматтарды несие алу үшін алғашқы төлем төлеу қажет екеніне сендірді. Осы аралықта алаяқтар алынған соманы мобильді банкинг арқылы басқа картаға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырды", – деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Қаскөйлер Алматы облысындағы ауылдарының бірінде ұсталған.

Қазіргі уақытта осы жұптың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен еліміздің әр аймақтарынан 12 жәбірленуші анықталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Павлодар қаласында көлік сататын танымал интернет сайт арқылы жүздеген адамды алдап кеткен алаяқтар ұсталған болатын.

Айта кетейік, жақында Алматы полициясы интернетте алаяқтықпен айналысқан хакерді ұстаған еді.

Күдіктіден 2 млн теңгеден астам ақша, 70-ке жуық SIM-карта және 18 банк картасы тәркіленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903565-almatyda-nesie-aluga-komektesemin-dep-eldi-aldagan-alayaq-erli-zaiyptylar-ustaldy/