RU

Шымкентте ауыр халде ауруханаға түскен 86 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

Аурухана2
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте ауыр халде ауруханаға түскен 86 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты. Жалғас Сулайманов есімді қария 21 ақпан күні ауыр халде жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігерлер компьютерлік томографияның көмегімен жұқпалы дерт жұқтырған қарт кісінің өкпе тінінің 80% зақымданғанын анықтаған. Медицина мамандары науқасты тез арада жансақтау бөліміне жатқызып, жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Вирусқа қарсы жүргізілген терапиялық емнің нәтижесінде зейнеткердің жағдайы жақсарып, 4 наурызда жасанды тыныс алу апаратынан алынды.

«Науқас ауруханаға КВИ инфекцияның ауыр дәрежесімен түсті. Зейнеткерге антикогулянтты, гормональді, оксигенотерапия емдері жүргізілді. Дертінен сауыққан қарт кісі енді үйіне шығарылады»,-дейді жұқпалы аурулар орталығының дәрігері Марлан Қуанышбекұлы.

Ал, білікті дәрігерлердің еңбегіне қарияның алғысы шексіз. Ол ақ халаттыларға алғысын ақ батамен жеткізді.

Айта кетейік, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулығы қол қойды. Құжат Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Соңғы қаулыға сәйкес, Алматыда демалыс және мейрам күндері қоғамдық көліктер қатынайды. Дегенмен автобустар бұл күндері таңғы 6-дан 10-ға дейін және кешкі 5-тен 10-ға дейін жүретін болады. Ал жұмыс күндері автобустар штатты кесте бойынша жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903651-symkentte-auyr-xalde-auruxanaga-tusken-86-zastagy-qariya-koronavirustan-zazylyp-syqty/