RU

Алматыда әжесі мен немересін жүк көлігі қағып кетті

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда әжесі мен немересін жүк көлігі қағып кетті. Қазіргі уақытта олар №4 қалалық ауруханада жатыр, екеуінің де жағдайы ауыр. Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты дүйсенбі, 15 наурыз күні таңертең болған.

1963 жылы туған Валентина Шепитько мен 11 жастағы Таисия Сумелиди Павлодарская көшесіндегі аялдамада №13 автобусты күтіп тұрған. Сол сәтте оларды VOLVO жүк көлігінің жүргізушісі қағып кеткен.

"Менің анам мен қызым әлеуметтік клубқа баратын жатқан еді. Тайсия балалар іс-шарасының жүргізушісі болуы керек еді, ал анам емдік дене шынықтырудан нұсқаушысы болып жұмысқа тұру үшін сұхбаттасуға бару керек болған. Апат болған кезде, анам шошып кеткен, бірақ дереу маған хабарласты, мен де жылдам жолға шықтым. Өзім тәжірибелі жүргізушімін және көліктің шамамен 7 метрге дейін барып тоқтағанын көрдім. Бірақ жүргізуші 20 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанын айтты, оның сөзінше, әжесі мен немересі өздері жолға жүгіріп шыққан", - дейді Светлана Сумелиди.

Светлананың айтуынша, әжесі мен немересіне әрқайсысына бірнеше ота жасалған. Тайсия аяғынан айырылған. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір екеуі де №4 қалалық ауруханада, бірақ бүгін қыз баланы балалар ауруханасына жеткізу керек. Валентина Шепитько есін жиған.

Отбасы тергеу жүргізуші мен оның куәгерлерінің "апат өзін-өзі өлтіру әрекетінен болды" деген уәждеріне сеніп қала ма деп алаңдаулы.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Аталған факті бойынша тергеу және анықтау басқармасы қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендердің жол апаты кезінде алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Іс жүргізу объективтілік, толықтық және жан-жақты принциптерін қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады", – дейді қалалық полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903744-almatyda-azesi-men-nemeresin-zuk-koligi-qagyp-ketti/