Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сарматтардың түр-тұлғасына келеді": Ақтөбеде табылған жәдігердің образы танымал актердің бейнесімен жасалды (фото)

Опубликовано:

Спарғап
Фото: NUR.KZ

Бүгін Ақтөбедегі облыстық мұражайда Темір ауданы Тасқопа І қорымынан табылған батырдың сұлбасы таныстырылды. Болжам бойынша Сармат дәуірінің батыры ерте тас дәуірінде 2500 жыл бұрын өмір сүрген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2019 жылдың күзінде табылған алтын бұйымдарымен сақталған батыр сұлбасын құрастыруға жарты жылға жуық уақыт кеткен.

Зерттеу жұмыстарына Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдары мен Ресей Ғылым Академиясының ғалымдары мен археологтары қатысқан.

"Ең бастысы материалдардың графикалық реконструкциясы қалпына келтіріледі. Оның моделі жасалып, кейін көшірмесі дайындалады. Шартты түрде Тасқопа көсемі деп айтып тұрмыз. Қазір мұражайға көшірмесі қойылды. 

Түпнұсқа қорымызда тұр. Түпнұсқаның қайда тұратынын министрлік шешеді. Батырдың бейнесіне актердің образын алдық. Томирис киносындағы Спарғаптың образын сомдаған Мұрат Бисембиннің образы. Ол қарсы болған жоқ. Сол сарматтардың түр-тұлғасына келеді.

Бәрі ғылыми дерекке сүйеніп жасалды. Табылған заттардың негізі жоғалған жоқ. Көпшілік қалай қабылдайтынын білмейміз. Атауына байланысты алдағы уақытта қала тұрғындары мен тұрғындары арасында конкурс ұйымдастыруымыз да мүмкін", - дейді облыстық мұражай директоры Мейрам Дүйсенғали.

Жәдігер
Фото: NUR.KZ

Екі жыл бұрын басталған жұмысқа облыс әкімдігі, мәслихат қолдау білдірген.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ақтөбе облысының киелі жерлер географиясы" жасалды.

Облыстық бағдарлама аясында көп жұмыс жасалды, өте керемет жәрігерлер табылды. Бүгін көне сармат дәуіріне тән жәдігерді қалпына келтіру жұмысын таныстырдық. Өте қуанышты жағдай. Тек облыстың емес, бүкіл Қазақстанға қазақ халқының көне тарихының бетін ашып бердік", - дейді тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанов.

Жәдігер
Фото: NUR.KZ

Жәдігер
Фото: NUR.KZ

шенділер
Фото: NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903785-sarmattardyn-tur-tulgasyna-keledi-aqtobede-tabylgan-altyn-adam-obrazy-tanymal-akterdin-beinesimen-zasaldy-foto/

pixel