Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның құрметті азаматы ұлттық байқауының жеңімпаздары пәтерлермен марапатталады

Опубликовано:

BI Group-тің баспасөз қызметі
Фото: BI Group-тің баспасөз қызметі

17 ақпан мен 17 наурыз аралығында BI Group инновациялық құрылыс холдингі еліміз үшін ауқымды қайырымдылық жоба өткізді. Оның мақсаты – қоғамдағы батыр атағына лайық адамдарды анықтау және оларды Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жаңа екі бөлмелі пәтермен марапаттау.

Байқау наурыз мерекесі қарсаңында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен холдингтің 25 жылдығына орай Nur.kz ақпараттық қолдауымен жүзеге асты.

Халықтық смс-дауыс беру нәтижесі бойынша "Қазақстанның құрметті азаматы" жобасының екі қатысушысы – "Asar Ume" ҚҚ-ның негізін қалаушы Асхат Нұрмашев пен жазушы-мотиватор Торғын Әбдіқайымова ең көп дауыс жинады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Асхат Нұрмашев қайырымдылықпен айналысады, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Оның жобасының арқасында 85-тен астам отбасы мен 530 бала баспаналы болды.

Жігіт11
Асхат Нұрмашев. Фото: BI Group-тің баспасөз қызметі

Торғын Әбдіқайымова қозғалыс дағдыларының жоғалуына әкеп соғатын "бұлшықет дистрофиясы" диагнозымен өмір сүреді. Алайда, мүгедектер арбасына байланған Торғын үміт үзбейді – ол " Кеш қала!"(Не упускай шанса!) және "Араша" (Да будет вам!) кітаптарының авторы. Сондай-ақ инклюзивті радиода авторлық бағдарлама жүргізеді, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды қолдайды.

Торғын11
Торғын Әбдіқайымова. Фото: BI Group-тің баспасөз қызметі

27 наурызда Алматыда жобаның марапаттау рәсімі өтеді. Жеңімпаздардың бірі Алматыдағы Gulder-4, екіншісі – Нұр-Сұлтандағы Sezim Qala тұрғын үй кешенінен пәтерге ие болады.

"BI Group "Қазақстанның құрметті азаматы" байқауын екінші рет өткізіп отыр. Менің ойымша, бүгінгі күннің нағыз батырын анықтаудағы басты мақсатымызға жеттік. Жобаға қатысуға ұсынылған әрбір үміткердің тарихы таңданыс пен құрметке лайық. Олардың іс-әрекеті бізді игі істерге ынталандыратыны сөзсіз. Біз отандастарымызды мақтан тұтамыз. Олар басқалар үшін барын салды. Кейбіреулер өздері қиын өмірлік жағдайға тап болса да, мұқтаж адамдарға риясыз көмектесу үшін жоғары руханият пен күшке ие. Мұндай жандар ең жоғары марапаттарға лайықты!",- деп атап өтті BI Group холдингінің Басқарма төрағасы Амангелді Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңде жобаға қатысуға 2500-ден астам өтінім берілді. Dauletten қайырымдылық ұйымының тәуелсіз сарапшылары олардың ішінен 10 номинанттың шорт-парағын қалыптастырды. Барлық финалистер елдің нағыз қаһармандары болып табылады. Олардың әрбірі қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосты, жанқиярлық әрекет жасады немесе ел үшін маңызды жобаларды жүзеге асырды.

Дауыс беру процесіне 60 000-нан астам қазақстандық қатысты.

BI Group байқаудың барлық финалистері: Тамара Рише – жалғызбасты аналарға арналған баспана басшысы, Амантай Байжанов – өрт пен тас жолдағы сұрапыл боран кезінде адамдарды құтқарған полиция қызметкері, Жайлыбай Келіс – эко-белсенді, биология ғылымдарының докторы, Дамель Мектепбаева – био-технолог, жас ғалым, Надир Омарғазиев – 4 жасар баланы құтқарған батыр, Рашит Белгібаев – "Bilimal" бірегей жүйесін жасаушылардың бірі, Тұраркүл Назарбаева – "Тұран" зейнеткерлерге арналған демалыс орталығының ұйымдастырушысы мен Марат Эделханов – «ақ халатты батыр», дәрігер-реаниматологқа өз алғысын білдіреді.

"Біз мұндай жобаларды жиі өткізгіміз келеді. Қазақстанға есімдері бас әріппен жазылатын нағыз батырлар мен еліміздің лайықты азаматтары туралы айту – біз үшін ең үлкен жетістік және қуаныш. Біз финалға шыққан 10 қатысушыға, барлық номинанттарға, сондай-ақ белсенді дауыс беріп, жобаның жүзеге асуына өз үлесін қосқан азаматтарға шын жүректен алғыс айтамыз", - деп атап өтті жоба ұйымдастырушылары.

*Ақпарат BI Group қолдауымен дайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903824-qazaqstannyn-qurmetti-azamaty-ulttyq-baiqauynyn-zenimpazdary-paterlermen-marapattalady/

pixel