Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Алматыдағы "кадрлардың тоқтаусыз ауысуы" жайында сөз қозғады

Опубликовано:

дәрігерлер
Көрнекі фото: total.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңесте оңтүстік астананың денсаулық сақтау саласындағы күрделі ахуалына тоқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, бұл саладағы көптеген көкейтесті мәселелер қауіпті індетпен күрестің көлеңкесінде қалып қойып жатыр.

"Жалпы азаматтардың медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтынын айтуымыз керек. Медицина кадрларының жетіспеушілігі де көптің көкейіндегі күрмеулі мәселе. Бұл проблема жылдар бойына шешілмей келе жатыр.

Әсіресе, кешегі төтенше жағдай режимі кезінде бұл мәселенің өзектілігі арта түсті. Қалаға 300-ге жуық дәрігер қажет. Бұл өте көп. Егер Алматыда жағдай осындай болса, онда шет жатқан аймақтар туралы не айтуға болады?!

Аталған жағдайды қаланың денсаулық сақтау басқармасындағы кадрлардың тоқтаусыз ауысуы ушықтырып жіберіп отыр. Онда жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар орын алды. Қалай айтсақ та, денсаулық сақтау басқармасында тұрақтылық болған жоқ. Әкімдік бұл мәселелерді шешумен нақты айналысу керек, – деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан прези денті Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізгені туралы хабарлаған едік.

Жиынды ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев ел тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі табыстары Алматы қаласымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903845-prezident-almatydagy-kadrlardyn-toqtausyz-auysuy-zaiynda-soz-qozgady/

pixel