jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Менеджерлердің фитнесі мен санаторийіне 40 млн теңге жұмсалған

Шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық компания менеджерлерінің фитнесі мен санаторийі де бюджеттің мойнында. Былтыр осы мақсатта 40 миллион теңге жұмсалыпты. Мұны естіген мәжілісмендер назын айтты деп хабарлайды КТК арнасы.

"Ұлттық компаниялардың бюджеті ашық болған жағдайда, мысалы, жұмысы өнімді болмай, пандемия кезінде дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен адамдардың өліміне әкеліп соққан "СК Фармация" басшылығы өзіне ондаған миллион теңге сыйақы жазбас еді.

Немесе тағы бір мысал, мемлекеттік кәсіпорынның бірі менеджерлерінің фитнеске, спа-салонға баруы үшін салық төлеушілердің қалтасынан 40 млн теңге төлемес еді. Бұл жай ғана жария болған фактілер", - дейді мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Дегенмен тендер мәселесін реттейтін құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған депутаттар квазимемлекеттік сектордағы былықтар жойылып, жағдайдың өзгеретініне сенімді.

Өйткені заң нормалары "Самұрық-Қазына" қорының, "Бәйтерек", "ҚазАгро" холдингтерінің ғана емес, сондай-ақ сатып алудың жалпы сомасы жыл сайын шамамен 3 жарым триллион теңгені құрайтын 253 ұлттық компания мен олардың еншілес ұйымдарының қызметін жөнге келтірмек.

Десе де, шенеуніктер бұл заңмен әлі де жұмыс істеуі тиіс. Әйтпесе, Нұрлан Нығматулиннің сөзінше, Түркістандағы футбол алаңының бассейнге айналуы сияқты мәселе қайталануы мүмкін.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі мемлекеттік БАҚ-тың бұрынғы журналисі жыл сайын премьер-министр мен оның орынбасарларының, сондай-ақ сенат пен мәжіліс төрағаларының ұшақпен ұшуына республикалық бюджеттен 15-20 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалатынын жазған еді.

Алайда үкіметтің баспасөз қызметі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Менеджерлердің фитнесі мен санаторийіне 40 млн теңге жұмсалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.