Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлердің ұшақпен қатынауы үшін 20 млрд теңге жұмсалатыны рас па: Үкімет жауап берді

Жарияланған күні:

Түркия мен әуе байланысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздегі мемлекеттік БАҚ-тың бұрынғы журналисі әлеуметтік желілерде үкімет мүшелерінің ұшу шарттары мен оларды тасымалдау қызметтерінің құны туралы ақпарат таратты. Ел үкіметінің баспасөз қызметі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналистің жазуынша, жыл сайын премьер-министр мен оның орынбасарларының, сондай-ақ сенат пен мәжіліс төрағаларының ұшақпен ұшуына республикалық бюджеттен 15-20 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылға премьер-министр мен оның орынбасарлары бастаған қазақстандық делегацияның аса маңызды ұшу сапарларын (литерлік рейстерді) жүзеге асыруға 578 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

"Көрсетілген сома 2021 жылы көлік қызметін қамтамасыз етуге есептелген. Бұл ретте төлем қазақстандық делегациялардың орындалған нақты өңірлік және халықаралық ұшу жағдайлары бойынша төленеді. Мысалы, 2020 жылы осы мақсатқа 578 млн теңге қарастырылса, іс жүзінде 275,6 млн теңгеге жұмсалды", - дейді үкіметтің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге ведомство премьер-министр мен оның орынбасарларында тек өздеріне берілген жеке ұшақ жоқ екенін хабарлады.

"Ұшақ арқылы жүзеге асырылатын сапарлар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу үшін Қазақстан өңірлері ішінде, сондай-ақ мемлекет басшысының шетелдермен, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да бірлестіктер аясында экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында таяу және алыс шет мемлекеттерге тек қызметтік мақсаттарда орындалады", - дейді үкіметтің баспасөз қызметі.

Ведомство "кесте бойынша ұшпайтын жолаушыларды тасымалдау бойынша әуе қызметтерін (ішкі және халықаралық)" ПІБ "Бүркіт" мемлекеттік әуе компаниясы" ШЖҚ РМК көрсететінін, ал министрлер бастаған қазақстандық делегациялардың ұшу сапарын коммерциялық әуе компанияларының рейстік жолаушылар ұшағы жүзеге асыратынын мәлім етті.

Сондай-ақ журналист өз жазбасында ұшақта қызыл және қара уылдырық, арақ пен виски, экзотикалық жемістер берілетінін жазған. Үкіметтің баспасөз қызметі бұл мәліметтің де шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

"Ұшу ұзақтығы 1 сағатқа дейін болған жағдайда жолаушыларға алкогольсіз салқын сусындар мен снэктер, ұзақтығы 1-3 сағат болған кезде ыстық тамақ пен ыстық сусындар (шай, кофе) беріледі.

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңына, жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бортта тамақ ұсынылады.

Осылайша, қазақстандық мемлекеттік БАҚ-тың бұрынғы журналисі таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Өкінішке қарай, бұл фактілерді бұрмалаудың және қоғамдық резонанс тудыру үшін жалған ақпарат таратудың тағы бір жағдайы", - деп түйіндеді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1903756-ministrlerdin-usaqpen-qatynauy-usin-20-mlrd-tenge-zumsalatyny-ras-pa-ukimet-zauap-berdi/