Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қос бүйрегі істемей қалған азамат жомарт жандардың көмегіне зәру

Опубликовано:

Данияр Тұрарбек11
Кадр: КТК арнасынан

Алматыда қос бүйрегі істемей қалған азамат жомарт жандардан көмек сұрайды. Жаны қиналған бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның хәлі күн өткен сайын нашарлап барады деп хабарлайды КТК арнасы.

Данияр Тұрарбек аптасына үш рет ауруханаға барып, түтікше арқылы қанын тазартады. 2019 жылы қос бүйрегі жұмыс істемей қалған ер адамның тіршілігі осы құрылғыға байланған.

Денсаулығы күннен-күнге нашарлап барады. Дәрігерлер аурудан айығудың жалғыз жолы – трансплантация екенін ашық айтыпты. Қазақстанда тек туыстарының бүйрегін салып беруге рұқсат етілген. Алайда Данияр ағзасын беруге ет жақындарымның денсаулығы жарамайды дейді.

Науқасқа тек Түркияның дәрігерлері донор тауып беруге дайын екенін жеткізген. Алайда отаның құны 20 миллион теңге.

"Өз бетіммен тамақ қорыта алмаймын. Кіші және үлкен дәретке шыға алмаймын. Қан қысымым көтеріледі. Артық тамақ іше алмаймын. Гемодиализдің арқасында өмір сүріп жүрмін. Бала-шағамды аяқтан тұрғызу керек. Сондай мақсатпен халықтан көмек сұрап отырмын. Өзіміздің жағдайымыз жоқ", - дейді Данияр Тұрарбек.

Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның екі баласы бар. Отбасын асырау әзірге еден жуып нәпақа табатын жұбайының мойынында. Өзінің алатын зейнетақысы дәрі-дәрмектен артылмайды.

Даниярға қолұшын созып, көмек көрсетемін деген азаматтар төмендегі телефон нөміріне хабарласа алады.

Байланыс нөмірі: 8 707 732 59 89

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903867-almatyda-qos-buiregi-istemei-qalgan-azamat-zomart-zandardan-komegine-muqtaz/

pixel