Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде "Елбасы Арена" мен Назарбаев даңғылы пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

Көше
Көрнекі фото: piqsels.com

Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Айбек Нұғымаров Семейде Назарбаев даңғылы пайда болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Arnapress.kz.

"Біз Қарағайлы шағынауданындағы әзірге атауы жоқ көшелердің біріне Назарбаев даңғылы деген атау берілгенін қалаймыз", – дейді Айбек Нұғымаров.

Оның айтуынша, сонымен қатар бастамашылар спорт кешендерінің біріне Қазақстанның Тұңғыш президентінің есімін беру идеясын ұсынған.

"Сондай-ақ дәл осы ықшамаудандағы спорт кешенді Тұңғыш президенттің құрметіне "Елбасы Арена" деп атау туралы бастама көтерілді", – дейді Нұғымаров.

Депутат атап өткендей, бұл идеяны қолдайтын бастамашыл топтың құрамында 30-ға жуық адам бар.

Оның құрамына ақсақалдар, депутаттық корпус өкілдері мен қаланың белсенділері кірген. Басылым жазғандай, депутат бастама көтергендердің атын атамады.

"Барлығы мәдениет және спорт саласынан, қала белсенділері... Енді шешім қалалық мәслихаттың депутаттарында, содан кейін олар елордаға жібереді, барлығы сол жерде шешіледі", – дейді ол.

Еске салсақ, "Штрихи к портрету" деректі фильмінде Нұрсұлтан Назарбаев өзіне ескерткіш қоюға қатысты пікір білдірген еді.

"...Сұқбат беріп отырған сәтті пайдаланып, тағы да басшылардан, қазақстандықтардан сұрайтыным, ондайға әуестенудің қажеті жоқ. Мұның түк керегі жоқ. Тірі кезінде ескерткіш орнату деген сөз – өлгеннен кейін ұрпақ сені есінде сақтап қалатынына сенбеу дер едім. Сондықтан мұндайға әуестенудің қажеті жоқ деп өтінемін. Керісінше біз қазір тарихи атауларды қайтарып жатырмыз", – деген болатын Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903875-semeide-nursultan-nazarbaev-atyndagy-dangyl-men-arena-paida-boluy-mumkin/

pixel