Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арманын орындады: Түркістан облысында ұлдарының сыйлығын көрген әке көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Сыйлық
Видеодан кадр: facebook.com

Түркістан облысының тұрғыны ұлдарының өзіне жасаған сыйлығын көріп, көзіне жас алды. Видео әлеуметтік желіде лезде тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан қызыл бантик байланған Lexus RX 300 көлігінің қасында тұрған жігіттерді байқауға болады. Олар әкесін қуантқысы келгенін айтады.

"Міне, көптен күткен арманымызға жеттік. Асқар таудай әкешімізге көлік сыйлайын деп жатырмыз. Қазір әкешіміз білмейді үйге кіріп, тосын сый жасап, табыстаймыз", - дейді олардың бірі.

Осылайша, жігіттер әкесіне сыйлық қорабын табыстайды. Ал көліктің кілтін көргенде азамат көз жасына ерік береді.

Желі қолданушылары жігіттердің әрекетіне риза болды. Олар ең алдымен ата-ананы құрметтеу қажет екенін айтты.

"Құттықтаймыз!", "Арманын орындады", "Біздің де осындай ұл-қызымыз болсын!", "Осындай ұл тәрбиелегендеріңізге рахмет!", "Әкесі балаларын мақтан етіп, жылап қалды", "Алдағы уақытта да ата-анасын қуанта берсін!", "Қазақтың жігіттері осындай болуы керек" деп жазды олар.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі қарындасының 18 жасқа толуына орай ет-жақындарына мерекелік кеш ұйымдастырғанын жазған едік. Жұлдызды әулет кенже қыздарының туған күнін дүркіретіп атап өтіп, оған су жаңа пәтердің кілтін табыстаған болатын.

Кеш қонақтары әлеуметтік желіде көңілді отырыс кезінде түсірген видео мен фотоларымен жарыса бөлісті. Бейнежазбадан туған күн иесін түрлі гүл шоқтарымен көмкеріп тастағанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903940-armanyn-oryndady-turkistan-oblysynda-uldarynyn-syilygyn-korgen-ake-kozine-zas-aldy-video/

pixel