Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Темекі бағасының өсуі сенаторларды алаңдатып отыр

Опубликовано:

Темекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде темекі қымбаттады. Бағаның өсуіне сенаторлар да алаңдап отыр. Сергей Ершовтің сөзінше, өнім құны бұлай кете берсе, соңы заңсыз саудаға ұласуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

"Әрине, темекі нан емес, ол маңызды өнімге жатпайды. Өзімді темекі шегудің жақтаушысы санамаймын. Алайда бұл біздің азаматтарымыздың белгілі бір бөлігіне қажет. Бір қорап темекінің бағасы өсіп, халықтың табысы бұрынғы деңгейде қалып отырған жағдайда, шығынның одан әрі өсуі заңсыз сауда үлесінің едәуір артуына әкелуі мүмкін", - дейді сенат депутаты Сергей Ершов.

Депутаттар сапасы күмәнді арзан контрафакті өнімдерді тұтыну азаматтардың денсаулығын құртатынын, ал денсаулығы нашарлаған адамның емделуіне біраз ақша керектігін де атап өткен.

Ресми деректер бойынша, соңғы 10 жылда темекі өніміне қосымша салынған салық 10 есе өскен. Сенаторды қымбаттаған акцизден түскен табыстың қайда кеткені алаңдатып отыр. Ершов үкіметке бұл ақшаны халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселесін шешуге жұмсау керек деп есептейді.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік маман кез келген мөлшерде алкоголь мен темекі өнімдерін тұтыну COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупін арттыратынын айтқан еді.

Маманның сөзінше, алкоголь мен темекіні тұтынғанда инфекцияның адам ағзасына енуіне жол бермейтін мембрана бұзылады.

Оның сөзінше, мәселен темекінің құрамындағы смола және басқа да заттар мембрананы бұзады, соның әсерінен ауру жұқтыру қаупі артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904042-temeki-bagasynyn-osui-senatorlardy-alandatyp-otyr/

pixel