Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 12 мектепті "жарып жібермек" болған: Ғимараттарды саперлер тексеруде

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Белгісіз азамат Алматыдағы 12 мектептің поштасына оларды жарып жіберетіні жайы жазылған хат жіберген. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Бұл туралы 12 жалпы білім беру мекемесінің электронды поштасына келген хаттардан белгілі болды. Онда белгісіз азамат ақша жіберуді талап етеді. Ақша жібермеген жағдайда ол мектеп ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытуда", - дейді полиция департаментінде.

Бүгінде бұл ғимараттарды саперлар тексеріп жатыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 273-бабы - "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы көрінеу жалған ақпарат" дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Жасырын хат жолдаушының жеке басын анықтау және оны одан әрі ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп толықтырды полицейлер.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да бір мектептің отызға жуық оқушысы инфекцияға шалдыққанын жазған едік. Екі жүз жетпіс екі бала білім алатын мектеп карантинге жабылып, оқушылар онлайн форматта оқуға көшкен.

Дәрігерлер балалар энтеровирусты инфекцияға шалдықты деген күдік бар деп отыр. Олар жиырма тоғыз баланы қарап, денсаулығын тексергенін мәлім етті. Қазір оқушылардың тоғызы ауруханада жатыр. Он алты бала үйінде ем алуда. Ал білім ордасында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жұмыс істеп жүр. Бұл жағдайға қатысты аудандық білім бөлімі пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904097-almatyda-aldebireu-12-mektepti-zaryp-ziberetinin-malimdedi-gimarattardy-saperler-tekserude/

pixel