jitsu gif branding logo appbranding logo app

Жалған сертификат алдым деген ақтөбелік анаға кәсіпкер 2 млн теңге сыйлады

Көпбалалы ана
Фото: diapazon.kz

Шенеуніктерден 2 млн теңгенің жарамсыз сертификатын алған бес баланың анасы Айсұлу Күздібаеваға ақтөбелік кәсіпкер тосын сый жасады деп хабарлайды "Диапазон".

"Алдыңғы күні кешке біз жұбайым екеуіміз көпбалалы ананың оқиғасын естіп, оған көмектесуге шешім қабылдадық. Біз оған қажет болған 2 миллион теңгені сыйға тарттық", - дейді кәсіпкер Гайк Тертерян.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде көпбалалы Айсұлу Күздібаева Алғыс айту күні өңір әкімінің қолынан екі миллион теңге деп жазылған сертификат алған еді. Алайда кейін оның құны жоқ құр қағаз екенін білген.

"Екі миллионға үйдің үстіне шамалы ақша қосып баспана аламын деп ойладым. Өтірік айтпай-ақ қояйын, берген кезде қуандым. Көршілерім құтты болсын айтып келді. Екі миллион алыпсың деді. Бұл құр қағаз болып шықты. Маған бұл ақша берілген жоқ", - дейді Айсұлу Күздібаева.

Кейінірек, әкімдік көпбалалы анаға 2 млн теңгенің жалған сертификаты не себепті берілгенін түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, 1 наурызда Алғыс күніне орай Қазақстан халықтары ассамблеясының ғимаратында іс-шара өткен.

Бұған дейін ішкі саясат басқармасы көпбалалы отбасыларға көмек қолын созу туралы ұсыныс жасаған. Әзербайжан орталығы бастаманы қолдап, жатақхананың бөлмесінде тұратын бес баласы бар Айсұлу Күздібаеваға көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Бөлмеге жөндеу жұмыстарын жасап, жиһаз сатып алған.

Алғыс айту күнін тойлау аясында орталық қайырымдылық көмек бергенін көрсеткісі келіп, өңір әкімінен әйелге Қазақстан халқы ассамблеясының Ақтөбе облысы бойынша төрағасы ретінде сертификат табыстауын өтінген екен.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.