Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екпінді жел, көктайғақ, тұман: 21 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Опубликовано:

тұман
Көрнекі фото: Хабар 24

21 наурыз күні елдің басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болып, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыста жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста найзағай болуы мүмкін деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктер мәліметіне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында желдің күші кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары артуы мүмкін. Жолдарда көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болжанады.

Ақмола, Қостанай облыстарында түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с артады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, Түркістан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болжанады. Желдің күші - 18 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904312-ekpindi-zel-koktaigaq-tuman-21-nauryz-kungi-aua-raiy-bolzamy/

pixel