Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдегі қазақтардың төбелесі: Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Фото
Скриншот: vk.com/belokamenkaa

Ресейдің Мурманск облысында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқандар арасында төбелес болған. Олардың арасында қазақтар бар. Аталмыш жайтқа қатысты еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.

Смадияровтың сөзінше, оқиға 23 наурыз күні сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде болған.

Оның мәліметінше, вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес орын алған.

"Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар және құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстауда", - дейді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде Мурманск өңірінде қазақтар өзге ұлт өкілдерімен төбелескені туралы видеолар кеңінен тарап жатыр.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде ЕЦ-166/5 төтенше қауіпсіздік мекемесіне тұтқындардың жаппай төбелесінен кейін әскер енгізіліп, тінту жүргізілгені туралы хабарлама тараған еді.

Алайда бұл ақпарат жалған болып шықты.

Белгілі болғандай кейбір желі қолданушылары мекеменің алдына қойылған жедел жәрдем көлігін көріп, онда жаппай төбелес болып, әскер тартылған және тінту жүргізілді деп ойлаған.

Ал шын мәнінде, дәрігерлер колонияға созылмалы ауруы бар сотталушыға көмектесу үшін келіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904521-reseidegi-qazaqtardyn-tobelesi-syrtqy-ister-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel