Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы тұтқындардың жаппай "төбелесі" туралы тиісті мекеме жауап берді

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: acca.media

Әлеуметтік желілерде ЕЦ-166/5 төтенше қауіпсіздік мекемесінде тұтқындардың жаппай төбелесінен кейін әскер енгізіліп, тінту жүргізілгені туралы ақпарат тарады. Бұл – фейк, оны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті теріске шығарды деп хабарлайды Stopfake.kz.

Кейбір желі қолданушылары мекеменің алдына қойылған жедел жәрдем көлігін көріп, онда жаппай төбелес болып, әскер тартылған және тінту жүргізілді деп ойлаған. Шын мәнінде, дәрігерлер колонияға созылмалы ауруы бар сотталушыға көмектесу үшін келіпті.

"Ағымдағы жылдың 17 наурызында таңғы сағат 06:30 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/5 төтенше қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері бронх демікпесімен ауыратын сотталушыға медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем шақырылғанын хабарлаймыз. Медициналық көмек сол жерде көрсетілді. Қазіргі кезде оның жағдайы қанағаттанарлық", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, Қазнет пайдаланушылары айтып отырған колониядағы тінту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілген және "жедел жәрдемнің" келуімен ешқандай байланысы жоқ.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904004-aqmola-oblysyndagy-tutqyndardyn-zappai-tobelesi-turaly-tiisti-mekeme-zauap-berdi/

pixel