Елімізде бір тәулікте тағы 1000-нан аса адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте тағы 1105 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабаралайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 195
- Алматы қаласы - 341
- Шымкент қаласы - 22
- Ақмола облысы - 45
- Ақтөбе облысы - 50
- Алматы облысы - 104
- Атырау облысы - 65
- Шығыс Қазақстан облысы - 19
- Жамбыл облысы - 10
- Батыс Қазақстан облысы - 76
- Қарағанды облысы - 92
- Қостанай облысы - 40
- Қызылорда облысы - 4
- Маңғыстау облысы - 5
- Павлодар облысы - 25
- Солтүстік Қазақстан облысы - 7
- Түркістан облысы - 5
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 236 200.
Сонымен қатар өткен тәулікте 835 адам індеттен жазылып шыққан.
ДСМ мәліметінше, қазір елімізде 22 124 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 6 731 пациент стационарда, 15 393 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
307 адамның жағдайы ауыр, 76 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 39 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандар келсек, 23 наурыздағы мәлімет бойынша аталмыш диагноз тағы алты адамға қойылып, екі науқас қайтыс болған, 153 адам жазылып шыққан.
Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 50 152 адам ауырып, 669 науқас көз жұмған.
46 864 пацинет дерттен жазылған.
Айта кетейік, қазір Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары және Батыс Қазақстан облысы COVID-19 инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904528-elimizde-bir-taulikte-tagy-1000-nan-asa-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.