Коронавирус: Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облыстары тұр.
"Сары" аймақта Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қазақстанның қалған өңірлері - "жасыл" аймақта.
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1088 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 235 095-ке жетіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін жеткізген еді.
Соған байланысты Нұр-Сұлтанда 21 наурыздан бастап локдаун енгізілді.
Сонымен бірге Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қалада қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904460-koronavirus-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/