jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қуат Хамитов ота жасатты (фото, видео)

Қуат Хамитов
Фото: Instagram/ kuat__khamitov

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов мұрнына ота жасатты. Ол ұзақ жылдар бойы дұрыс дем ала алмай жүрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі спортшы ота кезіндегі және кейінгі суреттерімен Instagram парақшасында бөлісті.

Кадрдан Қуат Хамитовтің ота үстелінде жатқанын аңғаруға болады.

Ал отадан кейінгі суреттердің бірінде спортшының мұрны байланғанын, ал екіншісінде құлағындағы тігістерді байқауға болады.

"Ота сәтті өтті. Бір айдан соң қатардан көрінеміз, иншаалла", - деп жазды ол.

Көпшілік аралас жекпе-жек шеберіне тезірек сауығып кетуін тіледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қуат Хамитов сегіз жыл бойы дұрыс дем ала алмай жүргенін, алдағы уақытта ота жасауға ниетті екенін айтқан еді.

Одан бөлек, аралас жекпе-жек шебері жеке партиясын құратынын мәлімдеген болатын.

"Ресми түрде мәлімдеймін. Мен өзімнің жеке партиямды құрамын. Мен бұны қазір іске асырғым келмеген. Алайда менің мемлекетім оның тезірек ашылуына ықпал етіп отыр. Бұл партия кімнің кінәлі екенін және кімнің не істеп жатқанын айту үшін құрылмайды. Партия халық даусын есту үшін құрылмақ. Біздің үкіметтің басты проблемасы да осы.

Олар халықтың пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Бұл партияны ашу үшін ешқандай кедергі туындамайды деген үміттемін. Себебі, біздің мемлекет еркін ел емес пе?! Менің есігім барлығы үшін ашық. Қалаушылар менің партияма қосыла алады" , - деп жазған еді Қуат Хамитов.

Қуат Хамитов ота жасатты (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.