Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүре алмайды": Мәскеу түбінде 19 мысықпен бірге тұратын маугли қыз табылды

Опубликовано:

Маугли қыз
Фото: Telegram/ Mash

Мәскеу түбіндегі Талдом қаласында жүдеп-жадаған 3-4 жастағы қыз бала табылды. Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігі Мәскеу облыстық басқармасы хабарлады деп жазады Газета. ru.

Қыз баланы күдікті азаматтың соңынан еріп, үйіне кірген полицейлер тапқан.

"Полиция қызметкерлері өздерін көре сала жасырынбақ болған азаматты байқаған. Ол терезедегі қуыс арқылы Щедрин көшесінде орналасқан үйлердің біріне кірген", - дейді ішкі істер министрлігі.

БАҚ-тың хабарлауынша, кішкентай қыз 65 жастағы тұрғынмен тұрған.

Қыз баланың киімі, жеке гигиеналық заттары мен кереуеті болмаған деп жазады "МК: срочные новости" Telegram парақшасы.

БАҚ-тың ақпарынша, қыз бала жүре алмайды, тек еңбектейді және "кис-кис" деген сөзді ғана біледі. Одан басқа үйде 19 мысық бар екені анықталған.

Бүлдіршін бірден денсаулық сақтау мекемесіне жеткізілген.

Мәскеу облысының прокуратурасы аталмыш факті бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау туралы федералды заңдарды бұзу фактісі бойынша тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Мәскеу облысында қиын жағдайға тап болып, жеті жастағы баласымен орманда тұруға мәжбүр болған өзбек азаматы еліне оралған еді.

Ер адамның 2020 жылы тамызда әйелі қайтыс болған. Жұмыссыз қалған Шухраттың пәтер жалдауға ақшасы болмай, орманда тұруға мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904588-zure-almaidy-maskeu-tubinde-19-mysyqpen-birge-turatyn-maugli-qyz-tabyldy/

pixel