Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде орманнан табылған "маугли" бала мен оның әкесі Өзбекстанға оралды

Опубликовано:

ташкент аэпорот
Көрнекі фото: vatrus.info

Мәскеу облысында қиын жағдайға тап болып, жеті жастағы баласымен орманда тұруға мәжбүр болған өзбек азаматы елге оралды деп жазады Centralasian.org.

Өзбекстанның сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, Шухрат Жалилов пен оның ұлы Амал Жалилов 3 желтоқсанда Мәскеу-Ташкент рейсімен ұшып келген. Әуежайда оларды агенттік өкілдері күтіп алып, тұрақты мекемеге жеткізіпті.

Бұған дейін интернет басылымдар мен әлеуметтік желілерде Мәскеу облысында орманда әкесімен тұратын баланың қаладаға балалар алаңқайына ойнауға келіп жүргені туралы хабарланған.

Қазан айының соңында Амалды жергілікті тұрғындар байқап қалыпты. Әкесімен бірге орманда тұратынын айтқан баланы ауруханаға апарып, одан соң оны балалар үйіне орналастырған.

Агенттің мәліметіне қарағанда, Өзбекстанның 1974 жылы туған азаматы Шухрат Жалилов ұзақ уақыт Ресейде өмір сүрген. 2013 жылы оның ұлы дүниеге келіпті.

2020 жылы тамызда баланың анасы қайтыс болады. Жұмыссыз қалған Шухраттың пәтер жалдауға ақшасы болмай, пандемия кезінде елге орала алмаған.

19 қарашада орманнан табылған Амал Жалиловқа туу туралы куәлік берілді. Жергілікті басылымдар Амалды Маугли деп атаған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін үш баласымен бірге күйеуінен қорлық көріп, "маугли әйел" атанған келіншектің жантұршігерлік оқиғасы туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888021-resejde-ormannan-tabylgan-maugli-bala-men-ony-kesi-zbekstanga-oraldy/

pixel