Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады: Елімізде ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер алдағы үш күнге, 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады деп хабарлайды Қазгидромет.

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, ел аумағында Жерорта теңізі мен Солтүстік-Батыс аймақтарынан екі циклон бірігеді. Ол республиканың басым бөлігінде ауа райын анықтайтын болады.

Нәтижесінде барлық өңірде жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Ал еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтерілуі ықтимал.

Еске сала кетсек, Қазгидромет мамандары 25 наурызға болжам жасап, бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын. Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының тұрғыны 4 қабатты үйдің шатырында қар күреп жүріп құлап кеткен еді.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 21 наурызда болған.

"Сағат түскі бір шамасында Алтай қаласының Космонавтов көшесінде 33 жастағы ер адам қар тазалау кезінде 4 қабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Ер адам жарақат алған жоқ. Ауруханаға бармады", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, құлағаннан кейін ер адам қар күреу үшін шатырға қайта көтерілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904666-sinoptikter-aldagy-us-kunge-bolzam-zasady-elimizde-aua-raiy-qandai-bolmaq/

pixel