Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрін есептеу керек": Қазақстандықтарға 10 сотық жер беруге қатысты Тоғжанов пікір білдірді

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов 1
Ералы Тоғжанов. Фото: Орталық коммуникациялар қызмет

Вице-премьер-министр Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға 10 сотық жерден беру туралы ұсынысқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ералы Тоғжанов 10 сотық жер беру мәселесін "қарапайым емес" деп атаған.

"Азаматтарға жер бергеннен кейін инфрақұрылымды ретке келтіру керек. Инфрақұрылымды реттеу үшін есептеулер бойынша 4 трлн теңгеден астам ақша қажет болады. Мұның бәрін есептеу керек, бұл бір күннің мәселесі емес. Мұның бәрін ойлану керек", - дейді ол.

Еске сала кетсек, саясаттанушы, Ұлттық коғамдық сенім кеңесінің мүшеі Расул Жұмалы жер мәселелері жөніндегі комиссияның бірінші отырысында кейбір қазақстандықтарға 10 сотық жер беру туралы ұсыныс жасады.

"Сонда латифундистерге (ірі жер иеленушілері - ред.) жалға беру үшін жер бар, ал 1,5 млн қазақстандыққа жер жоқ. Олар әлі күнге дейін кезекте тұр. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келеді. Менің ойымша, 10 сотық жерді беру мәселесін шешетін уақыт келді. Ол үй сала ма, жоқ басқа бір нәрсе істей ме, бұл өзінің шаруасы", - дейді Расул Жұмалы.

Айта кетсек, сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері жекенің меншігіне емес, мемлекетке тиесілі болуы керек деген мәлімдеме жасаған еді.

Айтуынша, Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жай ғана өндіріс құралы емес, бұл ұлттық игіліміз, ата-бабамыздан қалған тарихи мұрамыз, бүкіл халқымыздың байлығы және оның басты құндылығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904682-barin-esepteu-kerek-qazaqstandyqtarga-10-sotyq-zer-beruge-qatysty-togzanov-pikir-bildirdi/

pixel