Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырған алматылық дәрігер қалайша коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

дәрі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, Телемедицина орталығының директоры Лаура Мырзағали дәрігердің вакцинациядан кейін қалайша коронавирус жұқтырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін адам коронавируспен ауыруы мүмкін. Иван Мельников сауығып кетті, яғни ол екінші дозаны алады. Ол бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Лаура Мырзағали вакцинаның алғашқы дозасын алғаннан кейін адамда КВИ-ге толық иммунитет қалыптаспайтынын атап өтті. Мұны қалыптастыруға екінші дозаны қабылдау қажет. Сондықтан адамның бірінші және екінші дозалары арасында ауырып қалу мүмкіндігі бар.

"Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Вирусқа қарсы иммунитет толық жетілдірмегендіктен осылай болады. Бірінші дозадан кейін инфекция жұқтырған жағдайда, адам коронавирус диагнозы мен емі туралы хаттамаға сәйкес ем қабылдайды. Қажет болған жағдайда, ауруханаға жатқызу мүмкіндігі бар. Ревакцинация (екінші дозасы салдыру) мәселесін дәрігерлер шешіп жатыр", – деді басқарма өкілі.

Иван Мельниковке келетін болсақ, телемедицина орталығы директорының айтуынша, ол бір апта модульдік ауруханада болған. Ол сауығып кеткендіктен, вакцинаның екінші дозасын алады. Дәрігермен байланыстағы әріптестері ПТР-тестілеуден өтті. Басқарма Мельниковтың вакцина салдырған әріптестері инфекция жұқтырғаны-жұқтырмағаны туралы толық ақпаратты кейінірек береміз деп сендірді.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Алматы облысындағы гинеколог дәрігер коронавирусқа қарсы вакцинадан қайтыс болды деген ақпарат пайда болды. Әйел жұмыс істеген аурухана өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904695-vakcina-saldyrgan-almatylyq-dariger-qalaisa-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel