Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте неше адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1100 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 237 300-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 185,

Алматы қаласы - 330,

Шымкент қаласы - 35,

Ақмола облысы - 50,

Ақтөбе облысы - 54,

Алматы облысы - 108,

Атырау облысы - 82,

Шығыс Қазақстан облысы - 19,

Жамбыл облысы - 12,

Батыс Қазақстан облысы - 48,

Қарағанды облысы - 98,

Қостанай облысы - 40,

Маңғыстау облысы - 2,

Павлодар облысы - 28,

Солтүстік Қазақстан облысы - 7,

Түркістан облысы - 2.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған азаматтардың вакцинация паспорты пайда болғаны туралы мәлімдеген еді.

Ол вакцинация паспорты "Спутник V" вакцинасының екі дозасын қабылдаған қазақстандықтарға қолжетімді екенін атап өтті.

Оған қоса, 17 наурызда Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астананың денсаулық сақтау саласындағы күрделі ахуалға тоқталған болатын.

Президенттің айтуынша, бұл саладағы көптеген көкейтесті мәселелер қауіпті індетпен күрестің көлеңкесінде қалып қойып жатыр. Оның үстіне президент жалпы азаматтардың медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904748-qazaqstanda-otken-taulikte-nese-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/