Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан билігі тұрғындарға коронавирусқа қарсы вакцинаны көшеде салмақ

Опубликовано:

Вакцина салдыру сәті
Көрнекі фото: Manuel Velasquez/Getty Images

Астаналық денсаулық сақтау басқармасының басшысы әкімдікте өткен брифингте тұрғындарға коронавирусқа қарсы вакцинаның қалай және қай жерде жасалатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тимур Мұратов тұрғындарға вакцина салу сәуірдің екінші жартысынан басталатынын айтты.

"Вакцина тегін болады, оны емханалар арқылы ұйымдастырады, біз өзіміз шақыруға тырысамыз. Қоғамдық жерлерде вакцинацияның жылжымалы топтарын енгізуіміз мүмкін. Біз қалада қолайлы ауа райы орнаған кезде көшеде және ірі сауда үйлерде вакцина салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", – деді спикер.

Жалпы, оның айтуынша, биыл қалада 647 мың адамға вакцина салу жоспарланған, бұл мегаполис тұрғындарының 60%-ын құрайды.

"Бұл бір айда бітетін жұмыс емес, вакцина кезең-кезеңімен жеткізіледі, айына шамамен 100 мың адам вакцина салдырады", – деп түйіндеді елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері әкімдікте өткен брифинг кезінде қандай жағдайда қалада карантин қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты. Шаһар 17 күннен бері коронавирус бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Сархат Бейсенованың хабарлауынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.

"Егер жағдай ушықса, онда әрине экономикалық нысандарда белгілі бір шектеу шараларын күшейту туралы қаулы шығарылып, карантинді қатаңдату мәселесі қаралатын болады. Бұл мәселе қаладағы эпиджағдай ушықса ғана қарастырылады", – дейді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904842-nur-sultan-biligi-turgyndarga-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-kosede-salmaq/

pixel