Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа типтегі соғыс": Франция президенті Ресей мен Қытай вакцинасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Эммануэль Макрон
Эммануэль Макрон. Фото: Sean Gallup/Getty Images

Еуропа вакцинацияға байланысты "жаңа типтегі әлемдік соғысқа" тап болған. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодақтың виртуалды саммитінің алғашқы күндік қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында айтты деп хабарлайды РИА Новости.

Оның сөзінше, бұған "Ресей мен Қытайдың вакцина арқылы ықпал етуге тырысуы" да себеп болып отыр.

Франция президенті Еуропа елдері қазіргі жағдайда мұндай препараттарды өндіру тұрғысында дербес болуы керек екенін жеткізді.

Макрон алдағы айларда Еуропа коронавирусқа қарсы вакцина өндірісінің көлемін арттырып, ірі өндірушіге айналатынына уәде берді.

Ол вакцина өндіруші Еуроодақ елдеріне жеткізу бойынша тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда вакцина экспортын тоқтатуды ұсынды.

Француз көшбасшысы AstraZeneca компаниясына қарағанда Pfizer мен Moderna өз міндеттерін орындап жүргенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі нарық мәселелері жөніндегі еурокомиссар Тберри Бретон Еуропаға ресейлік "Спутник V" вакцинасының қажет емес екенін айтқан еді.

Ол мұны Брюссель ұжымдық иммунитет қалыптастыруға жеткілікті басқа төрт препаратты таңдағанымен түсіндірген болатын.

Ал еліміздегі ахуалға келсек, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина егу 1 ақпанда басталды.

Қазір вакцинаның 1 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 110 861 адам болса, 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 25 318-ға жеткен.

Сонымен қатар елорда тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцина салу сәуірдің екінші жартысынан басталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1904876-zana-tiptegi-sogys-franciya-prezidenti-resei-men-qytai-vakcinasyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel