Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақсуда мектеп оқушысы тереңдігі бес метрлік құдыққа түсіп кетті (видео)

Опубликовано:

Құдық
Көрнекі фото: pxhere.com

Павлодар облысы Ақсу қаласында 7-сынып оқушысы тереңдігі бес метрлік құдыққа түсіп кетті. Салдарынан ол түрлі дене жарақатын алған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Анықталғандай жасөспірім қыз кешкісін әкесімен бірге дүкенге барған. Олар Ленин көшесіндегі жол тайғақ болғандықтан қар жатқан жермен жүреді. Алайда қар астындағы ашық құдықты көрмей қыз ішіне түсіп кеткен.

Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева 2008 жылы туған қыздың қалалық аурухананың қабылдау бөліміне жүгінгенін хабарлады.

Оған мидың шайқалуы, желке, бел және сол жақ иық бұлшықетінің жарақаттануы диагнозы қойылған. Қазір науқас емхананың травматология бөлімінде ем алуда.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға пікір қалдырған ақсулықтар мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін шара қолдануды сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам екі күннен кейін құдықтың ішінен табылған еді.

Белгілі болғандай 16 наурыз күні Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне 1980 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Оның екі күн бұрын мал іздеуге кетіп, сол күйі оралмағаны айтылған. 11 құтқарушы, бір полиция қызметкері мен үш туысы ауыл тұрғынын іздеуге шыққан. Кейін ол жоғалған жері Көккөз ауылынан екі шақырым жерден табылған.

Анықталғандай малшы тереңдігі 3 метр болатын құдыққа түсіп кетіп, өз бетінше шыға алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904924-aqsuda-mektep-oqusysy-terendigi-bes-metrlik-qudyqqa-qulap-ketti-video/

pixel