Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарыағаш қаласында полицейлер жаяу жүргіншіден есірткі затын тапты

Жарияланған күні:

Есірткі
Көрнекі фото: piqsels.com

Сарыағаш АПБ-нің ЖПҚ полиция қызметкерлері Сарыағаш қаласы аумағында республика көлемінде жүргізіліп жатқан құқықтық тәртіп іс-шарасын жүргізуде деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында Сарыағаш қаласы Әуезов көшесінің бойында белгісіз жаяу жүргінші күдік тудырады.

Содан тәртіп сақшылары азаматтан жеке басын анықтайтын құжатын сұрайды. Осы сәтте күдікті сырт киімінің қалтасынан құжатын ала бергенде, газет орамасы қоса түсіп қалған. Полицейлер оны тексеру барысында, хош иісті есірткіге ұқсас зат екенін анықтады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі "Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Жолаушыдан айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың 1 грамнан астам кептірілген марихуана екендігі анықталды. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты құжаттар жинақталып, тиісті шара көрілуі үшін іс өңделуде.

Тергеу барысында күдікті азамат есірткі затын тауып алғанын және оны өзі пайдаланбақ болғанын мойындаған. Бүгінгі таңда күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға есірткі заттарын сақтау және заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады, сондай-ақ азаматтарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сонымен қатар карантин талаптарына бағынып, бетперде тағып, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904959-saryagas-qalasynda-policeiler-zayau-zurginsiden-esirtki-zatyn-tapty/