Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жоғалып кеткен үш жасөспірім қыздың екеуі Алматыдан табылды (фото)

Опубликовано:

Қыз бала1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қызылорда облысында жоғалған үш қыздың екеуі табылды. Бір жасөспірімді әздеу жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласындағы "Атамекен" балалар ауылынан кетiп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды.

"Жоғалған қыздар біздің тұрғындардың қырағылығы, полицейлердің кәсіби шеберлігі және барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа бағдарларды жаппай тарату арқасында табылды", - деді полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілген.

Үшінші кәмелетке толмағанды анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қызылорда облысының полицейлері кәмелетке толмаған үш жасөспірім қызға іздеу салғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905008-qyzylordada-zogalyp-ketken-us-zasospirim-qyzdyn-ekeui-tabyldy/

pixel