Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісіне дүкеннен ұрланған гүл берген астаналықтың басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Гүлдер
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан полицейлері бұған дейін ұрлық жасап, бірнеше рет сотталған 33 жастағы елордалықты ұстады деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мас күйде болған ер адам кешкі уақытта гүл сататын дүкеннің жерасты терезесінен кіріп, бес байлам гүл шоғы мен қызғалдақтарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 70 мың теңге.

"Қауіпсіздік ретінде қаскөй өзінің танысын өтіп бара жатқан адамдарды бақылауға көндіреді. Қылмыс орнынан кеткен ер адамдар таксиге мініп, құрбысына барған. Күдікті оған ұрланған гүлдерді сыйлаған. Полицейлер гүл ұрысын бейнебақылау камералары арқылы анықтап, күдіктіні полицияға жеткізді", - дейді баспасөз қызметі.

Ведомство ер адамның өз қылмысын мойындағанын хабарлады.

"Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы-бар жоғы анықталып жатыр", - дейді полиция департаменті.

Еске сала кетсек, Павлодар қаласының тұрғыны полиция бөліміне хабарласып, гүл дүкеніндегі сатушы ақшасын қайтармағанын жеткізген еді.

"Шақыртуды пысықтаған кезде бойжеткен полицейлерге Instagram арқылы анасына 8 наурызға бағасы сегіз мың теңге тұратын гүл шоғына тапсырыс бергенін айтты. Сатып алу шартына сәйкес тапсырыстың ақшасын алдын-ала төлеген. Белгіленген уақытта гүлді әкелген, бірақ оған ұнамаған. Ару гүл шоқтарының Instagram-дағы фотодағыдай сәнді болмағанын жеткізді", - дейді Павлодар қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Қаптаев.

Оның сөзінше, полиция қызметкерлерінің араласуынан кейін дау-дамай шешілген. Арызданған бойжеткенге ақшасы толық қайтарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905100-suiiktisine-dukennen-urlangan-gul-bergen-astanalyqtyn-basy-balege-qaldy-video/

pixel