Қызылордада жоғалып кеткен қыз төрт күннен бері табылмай жатыр
Жарияланған күні:
Қызылорда облысының тәртіп сақшылары балалар үйінен қашып кеткен үшінші тәрбиеленушіні әлі іздеп жатыр. 16 жастағы қыздың жоғалғанына төрт күн болған деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің Instagram парақшасы.
Ведомствоның мәліметінше, Қызылорда қаласындағы "отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы" үйінің тәрбиеленушісі 27.08.2004 жылы туған Нугманова Ділда Мусабековна 25 наурыз күн сағат 02:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
Осыған байланысты Қызылорда облысының полиция департаменті іздеу салады.
Белгілері: бойы 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім болған.
Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25.
Еске сала кетсек, Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қызылорда облысының полицейлері кәмелетке толмаған үш жасөспірім қызға іздеу салғанын жазған едік.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды. Сол кезде екі қыз Алматыдағы балалар үйіне жеткізілген болатын.
Ал үшінші қызды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905109-qyzylordada-zogalyp-ketken-qyz-tort-kunnen-beri-tabylmai-zatyr/