Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан мен екі облыста бір уақытта аса ірі арнайы операция жүргізілді (видео)

Опубликовано:

Қылмыстық топ
Видеодан кадр: Қостанай облысы ПД

22 наурызда елдің бірнеше өңірінде полицейлер Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан қаласына есірткі тасымалдауды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қостанай облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс - шаралар кешенін өткізу барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Денисов ауданының 51 жастағы тұрғынын анықтады. Ол осы жылдың қаңтар айында сегіз адамнан тұратын қылмыстық топ құрған, олардың әрқайсысының өз рөлі болған. Ол есірткі алу үшін жергілікті бес тұрғынды тартқан. Көтерме сауда партияларын жеткізуші болып Жамбыл облысы Шу ауданының 67 жастағы тұрғыны айналысты, ал Нұр-Сұлтан тұрғыны курьер қызметін атқарды.

Ұйымдастырушыдан тұрғылықты жері бойынша 26 сығымдалған гашиш таблеткасы, сондай-ақ ақша және банк карталары табылып, тәркіленді.

Тәркіленген гашиш пен марихуананың жалпы салмағы 10 келіден асты. Қостанай, Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында 7 полиция тобы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер қамауға алынды. Тергеу-жедел іс-қимылдар жүргізілуде.

Айта кетейік, осыған дейін ШҚО-да Жарма ауданында есірткі сатқан ер адамды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілгенін жазған едік.

ШҚО бойынша сот сараптамасы институтының қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 19,5 келіні құраған.

Күдікті қамауға алынды, Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905151-nur-sultan-men-eki-oblysta-bir-uaqytta-asa-iri-arnaiy-operaciya-zurgizildi-video/

pixel