Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 500-ден асып түсті

Опубликовано:

дәрігер
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте тағы 1445 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың 545-і Алматыдан деп хабаралайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 204

Алматы қаласы - 545

Шымкент қаласы - 13

Ақмола облысы - 45

Ақтөбе облысы - 73

Алматы облысы - 177

Атырау облысы - 63

Шығыс Қазақстан облысы - 22

Жамбыл облысы - 25

Батыс Қазақстан облысы - 76

Қарағанды облысы - 92

Қостанай облысы - 38

Қызылорда облысы - 9

Павлодар облысы - 30

Солтүстік Қазақстан облысы - 25

Түркістан облысы - 8.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 243 318-ге жетіп отыр.

Айта кетейік, қазір Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау облысы COVID-19 инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Осыған сәйкес, өткен аптаның соңында Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойған еді.

Жаңа қаулыға сай оңтүстік астанада қатаң карантин мерзімі он екінші сәуірге дейін ұзартылды.

Шектеу шаралары аясында қоғамдық көліктердің жүру уақытына өзгеріс енгізілген. Яғни демалыс күндері қоғамдық көліктер мен метро таңғы сағат 06:00-ден сағат 10:00-ға дейін, кешке сағат 17: 00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін қатынайды.

Жұмыс күндері олар әдеттегі кесте бойынша жүреді.

Сонымен қатар сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес базарлар, кинотеатрлар, театрлар, мұражайлар, кітапханалар, сауналар, спа-орталықтар мен фитнес орталықтары жабық күйінде қалады.

Ал азық-түлік базарлары жұмыс күндері сағат 06:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады. Қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс уақыты шектелместен тек тағамды жеткізу және өзімен бірге алып кету қызметін ұсына алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905258-almatyda-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-500-den-asyp-tusti/

pixel