Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қатаң карантин мерзімі ұзартылды: Мегаполисте қоғамдық көліктер қалай жүреді

Опубликовано:

қоғамдық көлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктер жұмыс кундері штаттық кестеге сәйкес жұмыс істейді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Шектеу шаралары аясында қоғамдық көліктердің жүру уақытына өзгеріс енгізілген. Яғни автобус, троллейбус маршруттары мен метро таңғы сағат 06:00-ден сағат 10:00-ға дейін жүреді.

Содан кейін, кешкі сағат 17: 00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін қатынайды.

Жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес жүреді.

Сонымен қатар, сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түлікке қатысы жоқ базарлар, кинотеатрлар, театрлар, мұражайлар, кітапханалар, сауналар, спа-орталықтар мен фитнес орталықтары жабық күйінде қалады, ал азық-түлік базарлары жұмыс күндері тек сағат 06:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады. Қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс уақыты шектелместен тек тағамды жеткізу және өзімен бірге алып кету қызметін ұсына алады.

Қаулы 29 наурыздан бастап өз күшіне енеді. Қалуының толық нұсқасымен сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1596 адам тіркелген. Оның 510-ы Алматы қаласынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 240 381-ге жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қалада қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтқан болатын.

Ал кеше Алматыдағы қатаң карантин мерзімі 12 сәуірге (қоса алғанда) дейін ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905019-almatyda-qatan-karantin-merzimi-uzartyldy-megapoliste-qogamdyq-kolikter-qalai-zuredi/

pixel