Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы сән байқауында жеңіске жетті (фото, видео)

Опубликовано:

Ару
Кадр: "Хабар 24"

Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық модельдер байқауында қазақстандық бойжеткен жеңіске жетті деп хабарлайды "Хабар 24".

Сеулдегі қазылар алқасы 30 жастағы Дана Қабылтаеваны ақылы көркіне сай ару деп танып, 5 мың доллардан асатын сыйақы табыстаған.

Айта кетейік, Дана Осыдан 10 ай бұрын тұңғыш дүниеге әкелген.

Ол төрт жыл бұрын алмасу бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяға келген. Осында болашақ жұбайымен танысқан. Дана бүгінде ағылшын тілінен сабақ береді.

Оны модельдер байқауына қатысуға құрбылары көндіріпті.

Дана
Кадр: Хабар24

"Ұлтыңыз кім деп сұрайды? "Қазақстан" деп жауап бергенде: "осындай бет келбеті бола ма?" деп таң қалады. Яғни, бізде Еуропа мен Азияға тән нышандар араласып кеткен. Сондықтан оларға өте сұлу болып көрінетін шығармыз", - дейді байқау жеңімпазы Дана Қабылтаева.

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты байқауға өзге елдерден модельдер келе алмаған. Сол себепті, подиумге Кореяда тұрып жатқан шетелдіктер шыққан.

Қазылар алқасы аруымыздың сұлулығымен қатар ән шырқауы мен корей тілін қаншалықты жақсы білетінін бағалаған.

"Дана ханшайым сән көрсетілімдерінде ерекше жеңілдіктерге ие болады. Оны Кореядағы түрлі ток-шоу мен бағдарламаларға шақырады. Киноға түсіп, жарнама моделі болуына мүмкіндігі бар", - дейді байқауды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ким Ин Бе.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905263-qazaqstandyq-aru-ontustik-koreyadagy-san-baiqauynda-zeniske-zetti-foto-video/

pixel