jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда күніне 400 оқушыны ауасы тар аудиторияда тестілеуден өткізетін орталық қоғам белсендісінің ашуына тиді

Алматы мектеп түлектері
Фото: Аида Букаеваның жеке мұрағатынан

Алматыда күніне 400 мектеп оқушысын екі ауысыммен бір бөлмеге жинап, сынақ өткізіп жатқан тест орталығы белгілі болды. Қоғам белсендісі Аида Букаева ол жерде ешқандай санитарлық нормалардың сақталмай жатқанын айтып, дабыл қақты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қоғам белсендісінің айтуынша, 24 наурызда сол орталықта тест тапсырған бір оқушыдан коронавирус анықталған.

Аида Букаева әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялап, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан және Алматы қаласының бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннен жағдайды реттеуді сұрады.

"Құрметті білім министрі! Құрметті денсаулық сақтау министрі! Алматы қаласының бас санитар дәрігері!

Ustudy орталығы кімдікі? Оның артында қандай дөкей тұр? Мұнда күнделікті екі ауысыммен 200 адам, ал бүгін тіпті 300 адам санитарлық нормаларды сақтамай, тест тапсыруда. Оның үстіне тест ақылы, 2300 теңге төлейді.

24 наурызда тестілеуде болған бір бала иіс сезбей қалды, артынша ақылы ПТР тапсырып еді, оң нәтиже көрсетті. Республикалық тест орталығы 10 наурыздан бері қала бойынша барлық оқушыларды осылайша жинап алып, тест өткізуде. Орталық күніне миллион теңге пайда көріп отыр ма?", - дейді қоғам белсендісі ведомство басшыларына.

Аида Букаева 200 мектеп түлегін ауасы тар бір аудиторияға отырғызуды шектен шығу деп атады.

"Мұны кім тоқтатады? Балалар алаңқайында 15 баладан артық жиналуға болмаса, мектеп түлектерін 200-ден бір аудиторияға қамап қою қаншалықты дұрыс?

Орталықтың қорғаушысы мықты болуы керек, ондағы қызметкерлер бізге полиция шақырды", - дейді Аида Букаева.

Қоғам белсендісі мектеп түлектерінің ата-аналарын балалардың денсаулығын бірінші кезекке қойып, оларды тестілеуге жібермес бұрын қауіпсіздікті ойлауға шақырды.

Алматыда күніне 400 оқушыны ауасы тар аудиторияда тестілеуден өткізетін орталық қоғам белсендісінің ашуына тиді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.