Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ПТР тест нәтижесі қате болды": Ахметжан Есімовтің денсаулығы қалай

Опубликовано:

Ахметжан Есімов
Ахметжан Есімов. Фото: egemen.kz

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті басшысы Сергей Куянов Ахметжан Есімовтің денсаулығы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жақында желіде Ахметжан Есімовтің денсаулығы нашарлағаны туралы ақпарат тараған еді. Дегенмен, Сергей Куянов Ахметжан Смағұлұлы қазір өзін жақсы сезінетінін айтып отыр. Ол Есімовтің кеше ресми іс-шараға белсенді түрде қатысып, әріптестерімен, ұжыммен сөйлескенін де атап өтті.

"Жағдай солай қабысып кетті. Бір күн бұрын Есімов мырза коронавирус инфекциясына ПТР тест тапсырып, күтпеген жерден оң нәтиже алды. Сондықтан үкіметтік құжатта осындай тұжырымдама пайда болды. Бірақ екінші және соңғы бақылау тест теріс нәтиже берді. Яғни, біріші тест қате болған",- деді Сергей Куянов.

Айтуынша, бұл жағдай Есімовтің қызметтен кету туралы шешімімен сәйкес келген.

"Бірақ, ол ресми тұжырымдамалардан басқа ештеңеге әсер еткен жоқ",- деді Куянов.

Айта кетейік, күні кеше Ахметжан Есімовтің "Самұрық-Қазына" қорының басшылығынан кеткені белгіл болған еді.

Елбасы Ахметжан Есімовке "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымында атқарған жемісті қызметі үшін алғыс білдірді.

Көп ұзамай премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905381-ptr-test-natizesi-qate-boldy-axmetzan-esimovtin-densaulygy-qalai/

pixel