Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да қызмет бабын пайдаланып, 2 млн теңге жымқырған бойжеткен ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында қызмет бабын пайдаланып, 2 млн теңге жымқырған 21 жастағы бойжеткен ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Ақсай қаласында 21 жастағы бойжеткен өзі жұмыс істейтін ЖШС-да осындай қадамға барған.

Жымқырылған қаражат 1976 жылғы азаматқа тиесілі екендігі анықталып отыр. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды.

Бүгінде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігіне (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Дариян аулындағы "Қазпошта" бөлімшесінен 33 миллион теңге ұрланғанын жазған болатынбыз. Бұл туралы облыстың экономикалық тергеу департаменті мәлімдеді.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, жеке серіктестік аударған қаржының бір бөлігі поштада қолды болыпты. Қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Бұл бап бойынша бөтеннің мүлкін иемденген күдіктіге қомақты айыппұл салу немесе дүние-мүлкін тәркілеп, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Одан бөлек, 1 сәуірден бастап Батыс Қазақстан облысында карантин күшейтілетінін жазған едік.

Облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енген болатын. Сәйкесінше қаулыға облыстың бас санитар дәрігері қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905461-bqo-da-qyzmet-babyn-paidalanyp-2-mln-tenge-zymqyrgan-boizetken-ustaldy/

pixel