Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адам емес, періште!": Ақтөбелік полицей жалғыз қалған әжейді 20 жыл көрмеген ұлымен табыстырды

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Далада қалған әжейді бір бөлмелі үйіне кіргізіп алған ақтөбелік полицей Дастан Сұлтанғалиев елді тағы да таң қалдырды. Көп балалы әке 80 жастағы кейуанаға жарты жыл қамқор болып, 20 жыл көрмеген ұлын тауып берді. Көзі жасқа толған Людмила Шевченко ұлымен қауышқанына сене алар емес. Кейуана осы уақытқа дейін ұлын өлдіге санап келген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Арада қанша жылдан кейін ұлыммен табысқаныма қуаныштымын. Көргенде, кешірім сұрап, табанынан сүйемін дейтін едім. Сол күнге жеткеніме ризамын. Мені үйінде паналатып, ұлыма дейін тауып берген полиция қызметкері Дастанға айтар алғысым шексіз. Ол жай ғана адам емес, періште! Келіншегі де құрақ ұшып, жағдайымды жасайды. Олармен бірге тұрып жатқаныма жарты жыл болды. Алғыстан басқа айтарым жоқ", - дейді Людмила Шевченко.

Әженің ұлы 52 жастағы Владислав Шевченко де анасы өмірде жоқ деп ойлаған. Өзі өмірде шалыс басып, ұзақ жыл түзету мекемесінде болғанын айтады. Қазір жеке мекемеде жиһаз құрастырумен айналысады екен. Анасын өзгенің босағасында қалдырмай, қолына алатынын айтты.

"Анамды қолыма аламын. Қандай жағдай болмасын, қасымда болады. Анамды көргенде қатты қуандым. Осы уақытқа дейін қайтыс болған шығар деп ойлап келдім. Өйткені, архивтерге, барлық жеге іздеу салып, таба алмадым", - дейді ұлы.

Учаскелік полицей де бір бірінен ұзақ жылға ажырап қалған анасы мен баласының қауышқанына қуанып жүр. Ол әжеймен әңгіме арасында оның ұлы болғанын естіп, іздеуге кіріскен.

"Ол кісі баласының бар екенін айтқаннан кейін іздестіре бастадым. Ұлын тауып, анасы туралы бірден айтқан жоқпын. Полиция бөлімшесіне шақырып, сөйлестім. Анасы туралы естігенде әрине қуанды. Олардың қуанышына ортақпын. Жақын адамдардың арасы алыстамасыншы",-дейді Дастан Сұлтанғалиев.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтөбелік полицей Дастан Сұлтанғазиев немерелерімен тұрудан бас тартып, далада қалған 80 жастағы әжейді бір бөлмелі үйіне кіргізіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905490-adam-emes-periste-aqtobelik-policei-zalgyz-qalgan-azeidi-20-zyl-kormegen-ulymen-tabystyrdy/

pixel