Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі ең ұзын сарбаз Жамбыл облысында әскерде борышын өтеп жүр

Опубликовано:

Асет Абулгапаров
Кадр: КТК

Жамбыл облысындағы әскери бөлім ең ұзын сарбазын мақтан тұтады. Оның бойының ұзындығы екі метрге жуық, ал аяғының өлшемі 47 деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазақстанда бойы ұзын сарбазды анықтайтын байқау болған емес. Сондықтан 21 жастағы Әсет Әбілғапаров үшін артық жағдай жасалмаған. Оның төсегі де басқалардікімен бірдей. Ал сарбаз есіктен еңкейіп өтеді.

Асет Абулгапаров
Кадр из видео: КТК

Артиллерист алдымен әріптестері күлгенін, бірақ қазір оны құрметтейтінін жеткізді.

Әсеттің сөізнше, қасындағы достары жоғарыға қолы жетпей жатса, бірден көмекке шақырады екен.

"Мен ұзынмын, бірақ ондай қатты ұзын емеспін", - деп күлді отан алдында борыныш өтеп жүрген жігіт.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды. Ол Тараздан 40 шақырым жердегі мал ұстайтын қоралардың бірінде жасырынып жатқан.

Нұрасыл Арысбаев бұндай қадамға неліктен барғанын журналистерге айтып берді.

"Теміржолға түстім, сосын адасып Ақыртөбеге жаяу бардым. Сол жақта малшы болып жүрдім. Ол жақта тамақ, үй – бәрі тегін. Сосын күнде-күнде үш-төрт мың теңге тауып, үйге барып ата-анама сыйлық алып, қайтып келем бе деп ойладым", - деп жағдайды баяндады №8595 әскери бөлімінің сарбазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905521-elimizdegi-en-biik-sarbaz-zambyl-oblysynda-askerde-borysyn-otep-zur/

pixel