Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Tele2 «Туған жер» арнайы тарифінің іске қосылғанын жариялады

Опубликовано:

Tele 2
Фото: Tele 2

Қазақстанда ауыл адамдарының ұялы интернетті пайдалану аясы қарқынды өсіп келеді. Биылғы жылдың тек алғашқы екі айында ғана «250+» бағдарламасы бойынша Tele2 желісіне қол жеткізген абоненттер трафигі жарты миллион гигабайттан асты. Ауылдық жерде интернетті дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, оператор өз ресурстарының едәуір бөлігін байланыс сапасын жақсартуы тиіс жаңа трансмиссиялар мен инфрақұрылымға ғана емес, сұранысқа ие жаңа әлеуметтік бағдарланған өнімдерді дамытуға да бөлуді жоспарлап отыр.

Tele2 операторы желіге «250+» бағдарламасы бойынша қосылған абоненттер үшін «Туған жер» арнайы бірегей тарифінің іске қосылуы туралы бірінші болып жариялайды. Оны пайдаланушылар мемлекеттік, білім беру және даму үшін маңызы зор басқа да платформаларға шексіз қолжетімдікке және өзі тұратын аймақтағы желі ішінде шектеусіз қоңырауларға қол жеткізе алады.

«Интернет өмір сапасын жақсарту үшін» - арнайы тарифтің негізінде дәл осындай идея жатыр. Оны әзірлеу барысында компанияның мамандары неғұрлым маңызды ресурстардың: eGOV электрондық үкіметінің сайтының, білім беру порталдарының, қазақстандық БАҚ, сондай-ақ ауылдарда қашықтан жұмыс істеу және оқуды дамыту үшін бейнеконференциялар (Zoom, Teams, Skype, Webex) өткізуге мүмкіндік беретін 250+ бағдарламалардың қолжетімді болуын ескерді.

Өткен жылы Tele2 компаниясы шағын ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз еткен «250+» Бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысты. Компания үшін шалғай аудандарда инфрақұрылымдық нысандарды құрып дамыту, ауылдық жерлерде желіні белсенді кеңейту, жаңа технологиялық шешімдерді енгізу маңызды болды. Осы қадамдардың барлығы қала мен ауыл арасындағы алшақтықты барынша азайтып, цифрлық теңсіздікті жоюға көмектесті. Енді ұялы оператор ауылдық елді мекендердегі белсенді желі пайдаланушыларына бағдарланған «Туған жер» арнайы тарифін әзірледі.

Сергей Коньков
Сергей Коньков. Фото: Tele 2

Сергей Коньков, Tele2 бас директоры:

«Компаниямыз үшін «250+» бағдарламасы бойынша базалық станцияларды орнату бойынша барлық жұмыстарды 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқтау өте маңызды болды. Осының арқасында мыңдаған ауыл тұрғыны жаңа жылды жақсы интернетпен қарсы алды. Ендігі мақсатымыз арнайы тариф құру болды. Бұл ауыл адамдарына расында да пайдалы болуы үшін, кең жолақты интернетке қолжетімдікпен қатар байланыс құралдарын, білім мен мүмкіндіктер ұсыну аса маңызды. Мәселен, бесбармақ дайындау үшін адамның қолына ет пен ұнды ұстатып қою жеткіліксіз – оған әзірлеу әдісін үйрету керек. Ең дұрысы – осыған үйрететін бейне жазба ұсыну. Арнайы тариф ауыл адамдарына өздері үшін неғұрлым қызық бағытта дамуға көмектеседі».

«250+» бағдарламасын іске асыру аясында қолжетімдікке ие болып, «Туған жер» тарифін таңдаған абоненттерге сондай-ақ компанияның ресми сайттарындағы USSD пәрмендері, ұялы қосымша және жеке кабинет арқылы оңай қосып алуға болатын оператордың барлық қосымша қызметтері де қолжетімді болады.

Сергей Коньков, Tele2 бас директоры:

«250+» бағдарламасы бойынша желіге қосылған абоненттеріміз жаңа білім алуға мүмкіндік беретін заманауи технологияларға қол жеткізіп қана қоймай, артық шығыннан құтылғаны да маңызды. Сондықтан компаниямыз маңызды және қажетті ресурстарға қолжетімдігі тарифтелмейтін арнайы үнемді тарифті құруға ерекше көңіл бөлді. Абоненттік төлем айына 990 теңгені құрайды. Тарифте Tele2 нөмірлеріне минуттар көлемі шектелмейді. Біз бұл тарифтің келешекте одан әрі дамитындығына және өзіміздің абоненттерімізге тиімді бағамен жаңа мүмкіндіктер ұсына алатындығымызға сенімдіміз».

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905534-tele2-tugan-zer-arnaiy-tarifinin-iske-qosylganyn-zariyalady/

pixel