Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар Байқоңырдан улы заты бар зымырандарды ұшыруға тыйым салуды ұсынды

Опубликовано:

Зымыран
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Арман Қожахметов "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандық отын ретінде құрамында гептил бар шикізатты қолданатын "Протон", "Космос", "Циклон" және "Циклон-М" зымырандарын ұшыруға тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арман Қожахметовтің хабарлауынша, мәжіліс депутаттарына Жезқазған тұрғындарынан Байқоңырдың жұмысына қатысты шағымдар түседі. Азаматтарды әсіресе Байқоңыр ғарыш айлағының қоршаған ортаға әсер етуімен байланысты онкологиялық аурулардың, орталық жүйке жүйесі ауруларының жоғары деңгейі алаңдатады.

Қожахметовтің айтуынша, ғарыш айлағынан "Протон", "Циклон", "Днепр" және "Циклон-М" зымыран тасығыштары ұзақ уақыт ұшырылған. Осы зымырандардың сұйықтық реактивті қозғалтқыштарында симметриялық емес диметилгидразин немесе жай гептил қолданылады.

Депутаттың сөзінше, гептил қауіпті заттардың бірінші санатына жатады - оның адам үшін өлім дозасы бір литр суға 1 микрограммды құрайды. Ол күшті уытты әсерге ие.

Организмге түскен кезде көздің, тыныс алу жолдарының және өкпенің шырышты қабығын тітіркендіреді. Орталық жүйке жүйесінің қатты қозуы, сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының бұзылуы (жүрек айну, құсу) болады.

Сонымен бірге, депутат соңғы 10 жылда Қазақстанда жанармай төгілген үш апаттың болғанын атап өтті.

Осыған байланысты Қожахметов "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран жанармайы ретінде гептилді қолданатын "Протон", "Космос", "Циклон" және "Циклон-М" зымырандарын ұшыруға тыйым салуды ұсынды.

Сондай-ақ ол гептилдің топырақ пен су көздеріндегі құрамын жан-жақты зерттеу үшін зымырандарlың құлау аймақтары мен апаттар орындарына, сондай-ақ топырақты көму орындарына ғылыми зерттеу жүргізуді ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

Табиғи ортада зымыран отынын бейтараптандыру әдістерін іздеуге қазақстандық ғылымды тарту ұсынылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905544-deputattar-baiqonyrdan-uly-zaty-bar-zymyrandardy-usyruga-tyiym-saludy-usyndy/

pixel