Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген көрікті қызға іздеу салынды

Опубликовано:

Алаяқ
Меруерт Меңдібаева. Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе облысы полиция департаменті көпшіліктен алаяқтыққа күдіктелген азаматшаны іздеуге атсалысуға көмектесуді сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы" Алаяқтық " бойынша қылмыс жасағаны үшін 1988 жылы туған Меруерт Серікбайқызы Меңдібаеваны іздестіруде. Егер біреуде ақпарат болса, 102 немесе 8 (7132) 93-62-32 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Ал желі қолданушылары жарияланған қыздың суретіне пікір білдірді. Олар бойжеткеннің мекенжайын көрсетпесе де, сыртқа келбетіне қатысты өз ойын айтқан.

"Сұлу, не істегенін білгіміз келеді", "Ай, Мика, тағы да көзге түстің бе" деп жазды олар.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында қызмет бабын пайдаланып, 2 млн теңге жымқырған 21 жастағы бойжеткен ұсталды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Ақсай қаласында 21 жастағы бойжеткен өзі жұмыс істейтін ЖШС-да осындай қадамға барған. Жымқырылған қаражат 1976 жылғы азаматқа тиесілі екендігі анықталып отыр.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігіне (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905551-aqtobede-alayaqtyq-zasady-degen-kudikke-ilingen-korikti-qyzga-izdeu-salyndy/

pixel